Қазіргі әлем технологиялық прогрестің ықпалымен қарқынды түрде өзгеріп, мамандардан жаңа дағдылар мен жоғары бейімделгіштікті талап етеді. Цифрлық трансформация жағдайында табысты мансапқа қол жеткізудің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – цифрлық сауаттылық. Бұл ұғым тек технологиялармен жұмыс істеу бойынша базалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, киберқауіпсіздік, деректерді басқару және цифрлық платформалармен жұмыс істеу қабілеттерін қамтиды.
Халықаралық білім беру корпорациясы өз студенттері, оқытушылары және қызметкерлері арасында цифрлық дағдыларды дамытуды белсенді түрде қолдайды. Осы мақсатта ХБК оқу үдерісінің барлық деңгейлерінде цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған озық білім беру бағдарламалары мен бастамаларды енгізуде. Бұл бағдарламалар мамандарды қарқынды өзгеріп жатқан еңбек нарығында тиімді жұмыс істеуге және кәсіби қызметте инновациялық тәсілдерді енгізуге дайындауға бағытталған.
ХБК цифрлық дағдыларды дамытуға арналған бастамаларды қолдай отырып, білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуді жалғастыра береді. Бұл шаралар студенттер мен қызметкерлердің болашақта кәсіби тұрғыдан өсуі үшін берік негіз қалыптастырады және еңбек нарығының цифрлық экономика жағдайындағы заманауи талаптарына сай жаңа құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.
ХБК туралы
Құрылу тарихы
Миссия және академиялық саясат
Стратегиялық даму жоспары
Өтініш берушілер үшін
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура
Оқу курстары
Олимпиада
Студенттер үшін
Әскери кафедра
Академиялық күнтізбе
Ақпарат
Жаңалықтар
Экран дикторы