ХБК су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден оқуға түсетін талапкерлер үшін оқуға 10 грант бөлді.

ХБК су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден оқуға түсетін талапкерлер үшін оқуға 10 грант бөлді.

Осы жылдың наурыз айында Қазақстанда көктемгі су тасқыны болып, одан 10-нан астам өңір зардап шегіп, мыңдаған тұрғындар баспанасыз қалды. Қазақстанның Батыс, Солтүстік, Орталық және Шығыс өнірлерінле су тасқыны салдарымен әлі де күресіп жатыр.

Болған жағдайға байланысты Халықаралық білім беру корпорациясы су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлері үшін бүкіл оқу уақытына 10 грант бөлді. Үміткерлердің өтініштерін арнайы комиссия қарайтын болады.

«Бүгінде мыңдаған отандастарымыз үлкен қиындықтарға тап болды: көбісі су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылды. Біз осы қиын кезеңде қолдау мен көмек көрсетуді өз міндетіміз деп санаймыз», — деп пайымдады Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Әмірланұлы Құсайынов.