2024 жылдың 21-31 шілдесі аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында Дүниежүзілік мұра комитетінің 46-шы сессиясы өтуде, оған Халықаралық білім беру корпорациясының Сәулет факультетінің 4 курс студенті Бертай Медет қатысуда.
Сәулет факультеті жанындағы ЮНЕСКО-ның «Тарихи-мәдени мұраны сақтау» кафедрасын дамыту аясында, сондай-ақ халықаралық сараптамалық ортада жұмыс тәжірибесін жинақтау және осы салаға жас мамандардың қызығушылығын ынталандыру үшін Бертай Медет корпорацияның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының делегациясына қосылды.
Бұл беделді іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен делегаттарды ортақ мәдени, табиғи және аралас мұраны сақтау бойынша талқылау және бірлесіп жұмыс істеу үшін жинайды. Кездесу жаһандық ынтымақтастықты нығайту және Дүниежүзілік мұра нысандарын қорғау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл іс-шара ынтымақтастықтың, мәдени мұраны сақтау саласында тәжірибе алмасудың жаңа перспективаларын ашады, халықаралық диалог пен әріптестікті дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ республикада алғаш рет ХБК қабырғасында дайындалатын болашақ мамандардың қызығушылығын нығайтады.