ХБК Сәулет Факультетінің оқытушылары Батыс Қазақстан қалаларына ғылыми сапар жасады

 

2024 жылдың 7-17 тамызы аралығында Халықаралық білім беру корпорациясының Сәулет Факультетінің оқытушылары, Қазақстан Республикасы Архитекторлар Одағының мүшелері Батыс Қазақстанның Ақтау және Атырау қалаларына сапар жасады. Сапар AP19680138 Гранттық жобасы «Тәуелсіз Қазақстан архитектурасының тұрақты дамуының факторы ретінде аймақтық сәйкестілік» аясында өтті. Делегация құрамына PhD, қауымдастырылған профессор, жоба ғылыми жетекшісі Данибекова Эльвира Темиргалиевна және сәулет кандидаты, қауымдастырылған профессор Туякаева Айнагуль Кайрбаевна кірді. 

Ақтауда олар қаладағы сәулет және қала құрылысы бөлімі өкілдерімен кездесіп, қаланың ағымдағы мәселелерін талқылады. Атырауда қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшыларымен және қаланың бұрынғы бас сәулетшісімен келіссөздер жүргізілді. Негізгі назар қаланың сәулеттік ерекшеліктері мен оның ескерткіштеріне аударылды.

Сапар барысында оқытушылар материалдар жинап, бірегей нысандарды, оның ішінде жер асты және үңгір мешіттерін, некропольдерді, сондай-ақ «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын зерттеп, фототіркеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, олар ХБК сәулет факультетінің «ЮНЕСКО» және «Сәулеттік жобалау негіздері» кафедраларымен ынтымақтастықтың болашағын талқылады.