ХБК студенттерге арналған 400 орындық жаңа жатақхана ашты

24 тамызда Алматы қаласында Халықаралық білім беру корпорациясының 400 орындық жаңа студенттік жатақханасының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдігінің директоры Ұлан Өтебаев, жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов және ХБК Ректоры Маргарита Булатовна Имандосова қатысты.

Ғимарат студенттердің жайлы өмір сүруі, оқуы және бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін барлық жағдайды жасау мақсатында реконструкцияланған нысан болып табылады.

Жатақханада екі, төрт және алты орындық бөлмелер қарастырылған. Әр қабатта ас үй, душ, кір жуатын бөлмелер, сондай-ақ маусымдық заттарды сақтауға арналған қоймалар бар. Студенттер үшін фитнес залы, макет және оқу бөлмелері жабдықталған. Жатақхана тәулік бойы күзетіліп, бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

ХБК студенттерді қолдауда маңызды қадам жасап, олардың оқуына және жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етуде.