«Nomads» тақырыбында студенттер қатасына қабылдау ресімі

29 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы спорт-мәдениет кешенінде Халықаралық білім беру корпорациясының ең ауқымды жіне жарқын оқиғаларының бірі – бірінші курс студенттерін «Nomads» тақырыбында студенттікке қабылдау ресімі өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен құндылықтары арқылы жастарды біріктіруге бағытталған «Ұлттық Сезім» мәдени жобасын насихаттау.

Студенттер дәстүрлі ұлттық костюмдер киіп, кешке ерекше атмосфера сыйлап, ежелгі көшпенділер мәдениетін көрсетті. Іс-шара бағдарламасында студенттердің ерекше өнер көрсетулері болды, олар көшпелі өмір салтының ерекшеліктерін және оның ата-баба жерімен тығыз байланысын ашып көрсетті. 

Шақырылған хедлайнердің қатысуы кешке аталмас серпін беріп, студенттерге ерекше қуат сыйлап, бұл кешті шынымен есте қаларлық етті.

Бірінші крус студенттерін оқу жылының басталуымен құттықтаймыз және оларға сәттілік, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!