2025 жылғы 14 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясына (KazGASA) Өзбекстанның Мирзо Ұлықбек атындағы Самарқан мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің делегациясы екіжақты өзара түсіністік туралы меморандум аясында сапармен келді.

Самарқан сәулет-құрылыс университеті — Өзбекстандағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі, Webometrics ұлттық рейтингінде ашықтық көрсеткіші бойынша 6-орынға ие. Университет тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында мықты академиялық мектепке ие және докторанттарды заманауи ғылыми тәсілдер мен практикалық дағдылар негізінде дайындауға ұмтылады.

Делегация құрамында:
— Первиз Ахмедзада — профессор, ғылым және білім беру жоғары мектебінің деканы;
— Камалова Дилноза Зайниддиновна — профессор, сәулет факультетінің деканы;
— Азимова Дилрабо Акбаровна — ғылым және білім беру жоғары мектебінің үйлестірушісі.

Сапар аясында делегация үшін жаңартудан кейінгі оқу корпусына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар музейді, заманауи зертханаларды және тарихи-мәдени мұраны сақтау кафедрасын аралады.

Сапардың негізгі мақсаты — университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу, Horizon Europe сияқты халықаралық бағдарламаларға қатысу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту.