Новости

Магистратура. Прием документов

Құрметті болашақ магистранттар!

Ертең магистратураға арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталатынын қуана хабарлаймыз 🤗

Өздеріңіз білетіндей, енді магистратураға қабылдау жылына екі рет жүзеге асырылады, дәстүрлі түрде – жазда және қосымша – қыс мезгілінде.

✅ Қазіргі уақытта магистратураға арналған кешенді тестілеу аяқталды.
Енді оқуға түсушілер қысқы қабылдау конкурсына қатыса алады.

📅 Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру 10 желтоқсаннан 14 желтоқсанға дейін виртуалды қабылдау комиссиясында жүзеге асады.
Виртуалды қабылдау комиссиясына қосылу үшін профильдегі сипаттамадағы сілтеме бойынша өту керек.

🗓 Конкурстың нәтижесі 2021 жылғы 22 желтоқсанға дейін жарияланады.