ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ

ХБК

Халықаралық білім беру корпорациясы – оқу, ғылыми, өндірістік және басқа да құрылымдарды біріктіретін, бай тарихы, дәстүрі мен дамыған инфрақұрылымы бар біртұтас оқу-ғылыми-өндірістік кешен. Негізгі қызмет бағыты – сәулет, құрылыс, дизайн және оларға қатысты салалар бойынша жоғары білікті мамандар даярлау.

 

Миссиясы мен стратегиялық басымдықтары

Қоғам игілігі үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға және әр қатысушының кәсіби, шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған адамға бағдарланған экожүйе құру.

Негізгі мақсаттар

Ғылым, шығармашылық және инновациялар саласындағы өзекті мәселелерді шеше алатын кәсіби мамандарды даярлау үшін сапалы әрі қолжетімді білім беруді қамтамасыз ететін экожүйе қалыптастыру.
Ашу

Стратегиялық басымдықтар

Дарынды жастарды қолдау, ғылыми зерттеулерді дамыту, білім беру үдерістерін цифрландыру, халықаралық серіктестермен ықпалдасу және тұрақты экологиялық тәжірибелерді енгізу.
Ашу

Стратегиялық бағыттар

Академиялық әлеуетті дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу және индустриямен байланыстарды нығайту.
Ашу

Бастамалар

KazGASA+, KazGASA Green және KazGASA Hub – тұрақты даму, инновацияларды қолдау және білім беру ортасын дамытуға бағытталған жобалар.
Ашу

ХБК ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ:

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қазақ-Америка университеті, KazGASA колледжі және Digital College, KazGASA мектебі, KAU мектебі.

KAZGASA

Сәулет, құрылыс, дизайн және оларға қатысты салалар бойынша мамандар даярлайтын Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орны.

KAZGASA college

Сәулет, құрылыс, дизайн және оларға байланысты заманауи мамандықтар бойынша кәсіби білім беретін оқу орны.

KAZGASA school

Сәулет, құрылыс және дизайн салаларында жан-жақты даму мен ерте кәсіби бағдарлауға бағытталған мектеп.

KAU

KAU бакалавриат деңгейінде халықаралық стандарттарға сай, екі тілді білім беріп, Қазақстанда және шетелде сұранысқа ие мамандарды даярлайды.

Digital college

Digital College экономиканың түрлі салаларындағы цифрлық трансформация жағдайында сұранысқа ие мамандарды даярлайды.

KAU school

KAU мектебі шет тілдерін, заманауи технологияларды оқытуға және шығармашылық пен аналитикалық дағдыларды дамытуға басымдық беретін сапалы білім ұсынады.

ХБК САНДАР ТІЛІМЕН

+ 0

Студенттер саны

% 0

Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші

0 кв.м

Ғимараттың жалпы аумағы

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЫЗ

ХБК құрамында 39 бакалавриат білім беру бағдарламасы, 16 магистратура білім беру бағдарламасы, 6 докторантура білім беру бағдарламасы

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сәулеті

Сәулет факультеті

Тарихи-мәдени мұраны сақтау

Сәулет факультеті

Сән дизайны

Дизайн факультеті

Графикалық дизайн

Дизайн факультеті

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы

Жалпы құрылыс факультеті

Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау

Жалпы құрылыс факультеті

Кадастр

Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті

Геодезия және картография

Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті

Мақсатты дайындық





Тәжірибелі оқытушылар

Жеке тәсіл

Шығармашылық қабілеттерді дамыту



Дайындық курстары

KazGASA курстары – болашақ сәулетшілер мен дизайнерлер үшін шығармашылық емтихандарға дайындалуға арналған маңызды кезең.

 

ХБК-ның негізгі мақсаттары

  1. Индустрияны алға жылжыту мақсатында пікірлес қауымдастықты, сала көшбасшыларын, түлектерді дамыту және қолдау;
  2. Ғылыми ортаның экожүйесін қалыптастыру;
  3. Білім беру сапасын қамтамасыз ете отырып, академиялық жетілдіруге ұмтылу;
  4. Қоғамның өркендеуіне және қоршаған ортаны сақтауға ықпал ететін тұрақты және экологиялық бағытталған тұжырымдамаларды қалыптастыру;
  5. Архитектура, құрылыс және дизайн салаларында инновацияларды ілгерілету және енгізу;
  6. Салалық бағыттарда кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру.

Стратегиялық басымдықтар

  1. Таланттарды тарту және түлектерді қолдау;
  2. Академиялық және бизнес үдерістерді цифрландыру;
  3. Ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту;
  4. Ғылым мен инновациялық шешімдер мен технологияларды интеграциялау;
  5. ХБК-ның әлеуметтік жауапты және экологиялық бағытталған жоғары оқу орны ретіндегі позициясын нығайта отырып, Тұрақты даму мақсаттарына және ESG қағидаттарына сәйкестік.

Стратегиялық бағыттар

  1. Академиялық жетілдіруге қол жеткізу және білім сапасын қамтамасыз ету;
  2. Ғылыми зерттеулер, жарияланымдар және халықаралық ынтымақтастық;
  3. Студенттердің әлеуметтік дамуы;
  4. HR бағытын дамыту;
  5. Цифрлық трансформация;
  6. Инфрақұрылымды дамыту және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  7. ҚазҒАСА бренді мәртебесінің және танымалдылығының артуы.

Бастамалар

  1. KazGASA+ — Университеттің ішкі және сыртқы серіктестері үшін бейресми және қосымша білім беруді біріктіретін, Орталық Азиядағы жетекші білім беру платформасын құруға бағытталған Халықаралық білім беру корпорациясының (ХБК) стратегиялық бастамасы. Бұл мақсатқа қол жеткізу Университеттің халықаралық деңгейдегі академиялық беделін нығайтуға және дарынды студенттер мен оқытушыларды тартуға мүмкіндік береді. Бастама студенттерді, оқытушыларды, индустриялық серіктестерді және кең аудиторияны қамтиды, заманауи білім беру өнімдерін, зерттеу мүмкіндіктерін және кәсіби даму алаңдарын ұсынады.
  2. KazGASA Green — Университеттің экологиялық ізіне әсерді азайтуға және экологиялық жауапты қауымдастықты қалыптастыруға бағытталған орнықты дамудың кешенді тәсілін енгізуге арналған стратегиялық бастама. Бұл бастама ХБК-ның тұрақтылық, әлеуметтік жауапкершілік және экологиялық сана қағидаттарына адалдығын көрсетеді. Ол білім беру бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерге және Университеттің күнделікті қызметіне тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етіп, оны экологиялық бағытталған институт ретінде танытады.
  3. Academic City — архитектура, құрылыс және дизайн салаларында кәсіпкерлік пен инновацияларды қолдайтын озық экожүйе құруға бағытталған ХБК-ның стратегиялық бастамасы. Бұл бастама студенттерге, оқытушыларға және индустриялық серіктестерге ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру, креативті жобаларды іске асыру және кәсіби құзыреттерді дамыту мүмкіндіктерін ұсынады.

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті

Білім беру бағдарламасы 6B07311 — «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті» жобалау және құрылыс ұйымдарына, әкімшілік және білім беру мекемелеріне мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Архитектор – бұл ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендеріне функционалдық, конструктивті-техникалық, көркем-образдық талаптарды ескере отырып, архитектуралық-жоспарлау шешімдерін әзірлейтін маман. Сонымен қатар, ол архитектура және қала құрылысы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

6B07311 – Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті білім беру бағдарламасы кәсіби стандарттардағы еңбек функцияларын талдау негізінде 6-шы біліктілік деңгейі (бакалавриат) үшін әзірленді. Бұл бағдарлама мүдделі тараптардың (студенттер, жұмыс берушілер, мемлекет) сұраныстары мен біліктілік талаптарына жауап береді.

Білім беру бағдарламасын әзірлеуге сәулет саласындағы қоғамдық ұйымдар мен жетекші компаниялардың өкілдері қатысты:

  • Қазақстан сәулетшілер одағы;
  • KAZGOR ЖА;
  • «Алматыгипрогор-1» ЖШС;
  • «Урбостиль» ЖШС;
  • «Казгипроград-1» ЖШС.

Білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын пәндер

  • Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
  • Философия
  • Әлеуметтік-саяси білімдер модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
  • Дене тәрбиесі
  • Шетел тілі
  • Қазақ (орыс) тілі
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
  • Экономика және ЕҚН модулі (Экономикалық теория негіздері – 2 кредит, Экология және еңбекті қорғау негіздері – 3 кредит)
  • Смета ісі
  • Өнер тарихы 1
  • Дүниежүзілік сәулет тарихы
  • Қазақстан мәдениеті және сәулет тарихы
  • Қазіргі сәулет
  • Өңірлік сәулет ерекшеліктері
  • Реконструкция және реставрация
  • Математика I
  • Инженерлік графика I
  • Инженерлік графика II
  • Профильдік инженерлік графика
  • Инженерлік механика
  • Сурет I
  • Кескіндеме
  • Мүсін
  • Архитектуралық сурет
  • Кәсіби тәжірибе I
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Компьютерлік графика
  • BIM құрылыс объектілерінің ақпараттық модельдеуі
  • Кәсіби бағдарламалар I
  • Кәсіби бағдарламалар II
  • Кәсіби бағдарламалар III
  • Құрылыс материалдары
  • Геодезия
  • Архитектуралық физика
  • Архитектура: жаңа технологиялар мен материалдар
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Құрылыс конструкциялары I
  • Құрылыс өндірісінің технологиясы
  • Құрылыс конструкциялары II
  • Энергия үнемдейтін ғимараттарды жобалау
  • Қала құрылысының негіздері
  • Инженерлік абаттандыру және көлік
  • Қалалық орта және ландшафт
  • Архитектуралық презентациялық графика
  • Архитектуралық жобалау негіздері
  • Архитектуралық графика және композиция
  • Архитектуралық жобалау I
  • Архитектуралық жобалау II
  • Архитектуралық жобалау III
  • Архитектуралық жоба IV
  • Архитектуралық жоба V
  • Интерьер архитектурасы
  • Архитектуралық типология
  • Архитектуралық жоба VI
  • АЖ VI арнайы бөлімі
  • Архитектуралық жоба VII
  • АЖ VII арнайы бөлімі
  • Дипломалды жоба
  • Дипломалды жобаның арнайы бөлімі
  • Кәсіби тәжірибе II
  • Архитектордың жобалау қызметінің негіздері және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету
  • Архитектуралық қызметтегі кәсіби коммуникациялар
  • Креативті жобалау әдістері

Аталған білім беру бағдарламасы түлектеріне қандай мансаптық мүмкіндіктер қолжетімді?

Оқу барысында жыл сайын жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады, онда студенттер жобалау компанияларының өкілдерімен немесе иелерімен кездесіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады. Сонымен қатар, студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді, онда олар сәулет-құрылыс компанияларында жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды. Бітіруші визуализатор, жобалаушы, интерьер дизайнері ретінде жұмыс істей алады. Бұл білім беру бағдарламасының түлектері архитектуралық жобалау саласында ғана емес, сондай-ақ дизайн, кино, компьютерлік ойындар, анимация, мемлекеттік басқару сияқты шығармашылық салаларда да өз дағдыларын қолдана алады. Сонымен қатар, түлектер магистратура және докторантураға түсіп, ғылыми зерттеулермен айналыса алады. Бұл оқу мүмкіндіктері тек шетелдік жоғары оқу орындарында ғана емес, ҚазБСҚА-да да бар. Түлектер оқытушылық қызметті таңдап, колледжде сабақ бере алады.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау

Егер сіз жаңа архитектуралық жобалар жасаумен қатар, мәдени мұраны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылсаңыз, «6В07314 – Тарихи-мәдени мұраны сақтау» атты жаңа білім беру бағдарламамыз осы мақсатқа жету үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Бағдарлама жаңа ғимараттарды жобалау, сондай-ақ тарихи құрылымдар мен ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау бағыттарын қамтиды. Студенттер сан алуан архитектуралық жобалармен жұмыс істеуге қажетті кешенді білім мен дағдыларды меңгереді. Оқу процесі архитектура тарихы және реставрация қағидаттары сияқты теориялық аспектілерді тереңдетіп зерттеуді, сондай-ақ тәжірибелік дайындықты қамтиды. Бұл түлектерге оқуды аяқтағаннан кейін бірден алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Біздің түлектер жетекші жобалау компанияларынан және сәулет бюроларынан бастап, мемлекеттік басқару органдарының мәдениет департаменттеріне және ЮНЕСКО мен ИКОМОС сияқты халықаралық ұйымдарға дейінгі әртүрлі кәсіби салаларда сұранысқа ие болады. Олар жаңа жобалар жасап, тарихи-мәдени мұраны сақтап, оны болашақ ұрпақ үшін қолжетімді етуге атсалысады.

Сән дизайны

«Сән дизайны» білім беру бағдарламасы сән индустриясында жұмыс істейтін, кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін қажетті теориялық және практикалық білім, білік және дағдыларға ие мамандарды даярлауға арналған. Бұл бағдарлама интеллектуалды еңбектің отандық және жаһандық нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін, сән әлемінде сапалы серпіліс жасауға дайын мамандарды дайындауға бағытталған. Сән дизайнерін даярлаудың негізгі мақсаты – жобалаушының идеяларын қазіргі заманғы инновациялық технологияларға сәйкес әзірлеу мен жүзеге асыру сапасын арттыру. Сонымен қатар, бағдарлама дизайн, сәулет, өнер және халықтардың мәдени тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының заманауи үрдістерін ескере отырып, «адам – костюм – орта» гармониялық тұтас кешенін құруға бағытталған.

Сән дизайнері (fashion-дизайнер) мамандығы қазіргі уақытта жоғары әлеуметтік мәртебеге ие болып, аса өзекті салаға айналуда. Нарықтық бәсеке жағдайында жұмыс істей алатын, сұранысты дұрыс бағдарлайтын, жаһандық ірі брендтер қалыптастыратын ортада еңбек ете алатын мамандарға сұраныс жоғары.

Сән дизайнері келесі маусымда қандай киімдер трендте болатынын біледі. Ол тек сәнді болжап қана қоймай, оны қалыптастырады. Сонымен қатар, сән дизайнері нақты нарықты, компаниялар мен брендтерді, сатуды ұйымдастыру механизмдері мен әдістерін, сән тенденциялары мен маусымдық қағидаттарды түсінеді.

Осы білім беру бағдарламасының кәсіби мүмкіндіктері

  • Киім мен түрлі ассортименттегі және мақсаттағы бұйымдарды жобалау және модельдеу, конструктивтік-технологиялық, эстетикалық, стилистикалық, экономикалық және басқа да параметрлерді ескере отырып, дәстүрлі және жаңа көркемдік жобалау әдістерін қолдану;
  • Сәнді болжау және бейнелеу;
  • Киімдегі пішін қалыптастыру мен көркемдік мәнерлілік әдістерін меңгеру;
  • Сән индустриясындағы жобалық шешімдерді бағалау және сараптау қабілеті;
  • Fashion-білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

Сән индустриясы мен сәнді болжау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Графикалық дизайн

Графикалық дизайн – болашақтың дағдылары!

Қазіргі заманғы цифрлық графика технологияларын меңгеру және жарнамалық кампаниялардың табысты өтуі үшін графикалық дизайнерлер Adobe пакеті, Figma, планшетке арналған графикалық редакторлар және басқа да бағдарламаларды зерттейді. Мұндай студенттердің кәсіби портфолиосында фирмалық стильдерге арналған визуалды шешімдер, брендтеу, веб-дизайн, UX/UI-дизайн және иллюстрациялар бар.

Графикалық дизайнерлер заманауи цифрлық өнімдер жасайды:

  • логотиптер,
  • айдентика,
  • қаптама,
  • визуалды коммуникациялар,
  • интернет-жарнама,
  • SMM өнімдері,
  • видео және анимация.

Графикалық дизайнды меңгеріп, өнер, шығармашылық және жаңа медиа технологияларды біріктіретін мамандықты игеріңіз!

Графикалық дизайнерлер келесі пәндерді оқиды:

  • Түстану, Композиция, Шрифттер, Материалдық мәдениет пен дизайн тарихы
  • Графикалық дизайн элементтері мен процестері (әртүрлі стилизация әдістері бар графикалық жұмыстар альбомы, балалар кітабының дизайны, қаптама дизайны, фирмалық стиль мен айдентиканы әзірлеу)
  • Графикалық дизайн нысандарын жобалау (баспа басылымдарының дизайны, әлеуметтік жарнама, жарнамалық кампания, мультимедиа дизайн)
  • Веб-дизайн (UX/UI дизайн, веб-сайттар, мобильді қосымшалар)
  • Иллюстрация, Графикалық дизайндағы түстану және композиция
  • Портфолио, Заманауи дизайн, Жарнама және маркетинг және т.б.

Графикалық дизайн, жарнама және медиа саласының мамандары әрқашан сұранысқа ие. Иллюстратор мен junior-дизайнерден бастап арт-директор мен креативті бөлім жетекшісіне дейінгі қызметтерді атқара алады. Олар презентациялар жасаудан бастап мерч әзірлеу, брендтеу және веб-дизайнға дейінгі кең ауқымды тапсырмаларды орындай алады. Біздің түлектер баспа және баспахана саласында, дизайн бюролары мен жарнама агенттіктерінде, маркетингтік компанияларда, кең ауқымды креативті индустрия фирмаларында жұмыс істейді.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы

6B07322 «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» білім беру бағдарламасы отандық және халықаралық еңбек нарықтарында сұранысқа ие құрылыс саласындағы білікті мамандарды даярлауға арналған. Бағдарлама ғимараттар мен құрылыстарды салудың заманауи технологиялары мен принциптерін зерделеуді, сондай-ақ жобалаудың ақпараттық технологияларын игеруді қамтиды.

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Бағдарламаның мақсаты ғимараттар мен құрылыстарды салу технологиясы саласында кәсіби құзыреттілігі бар мамандарды даярлау болып табылады. Бағдарлама құрылыс жұмыстарын жобалау мен өндіру технологиясының негізгі принциптерін, нормативтік құжаттамамен жұмыс істеуді, сондай-ақ құрылыста шешімдерді ұтымды ұйымдастырушылық-технологиялық қабылдауды үйретеді.

Артықшылықтары:

  • Құрылыс саласындағы кәсіби құзыреттерді дамыту.
  • Құрылыс жұмыстарын жобалау және өндіру технологиясының негізгі принциптерін оқыту.
  • Нормативтік және регламенттеуші құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары.
  • Ұтымды ұйымдастырушылық және технологиялық шешімдер қабылдау мүмкіндігі.

Оқытылатын пәндер:

  • Инженерлік және компьютерлік графика
  • Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері
  • Теориялық механика
  • Құрылыс материалдары
  • Аз қабатты ғимараттардың сәулеті
  • Құрылыс құрылымдары
  • Материалдардың кедергісі
  • Азаматтық ғимараттардың сәулеті
  • Энергия тиімді ғимараттар мен құрылыстарды жобалау
  • Жылумен газбен жабдықтау және желдету жүйелері
  • Ғимараттарды салу технологиясының негіздері
  • Жобаларды басқару және инновациялық менеджмент
  • Өнеркәсіптік ғимараттардың сәулеті
  • Геология және инженерлік ізденістер негіздері
  • Құрылыс машиналары мен жабдықтары
  • I және II темірбетон конструкцияларын жобалау
  • Қазіргі компьютерлік есептеулер
  • I және II металл конструкцияларын жобалау
  • Құрылыстағы ЕУРОКОДТАР
  • Жобаларды басқарудың ақпараттық технологиялары
  • I, II және III Құрылыс өндірісінің технологиясы
  • Жер сілкінісіне төзімді құрылыс
  • Құрылыстағы нормативтік-техникалық құжаттама
  • Құрылыстағы электрмен жабдықтау
  • Топырақ механикасы
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі (БЖТ)
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
  • Қаржылық сауаттылық негіздері
  • Құрылыстағы сметалық іс
  • Ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру технологиясы
  • Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық пайдалану
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау
  • Құрылыс объектілерін технологиялық сүйемелдеу
  • Жөндеу жұмыстарының технологиясы
  • Құрылыс өндірісін ұйымдастыру
  • BIM-ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудағы технологиялар

Перспективалар:

Бағдарлама түлектері жобалау-конструкторлық және құрылыс ұйымдарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде және білім беру мекемелерінде жұмыс істей алады. Олар жобалау-конструкторлық қызметпен, инновациялық ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметпен және ғылыми-зерттеу жұмысымен байланысты лауазымдарды атқара алады. Бағдарлама құрылыс индустриясында мансаптық өсу мен кәсіби дамудың кең мүмкіндіктерін ұсынады.

Автоматтандырылған жобалау жүйелері мен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, экология және тіршілік қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау.

Жүк көтергіштігі, беріктігі мен қаттылығы үшін есептеулер жүргізу, кернеулі деформацияланған күйді анықтау, кернеулерді, қозғалыстарды анықтау, құрылыс материалдарының түрін және олардың физикалық сипаттамаларын ескере отырып есептеу схемаларын құру.

Арнайы кәсіби және ғылыми терминологияны пайдалана отырып, тұрмыстық және кәсіби қарым-қатынас, іскерлік хат алмасу және іс қағаздарын жүргізу үшін қажетті көлемде кәсіби қазақ (орыс) және шет тілдерінде білімдерін көрсету.

Құрылыс дизайнын көрсету үшін инженерлік графика, деректерді визуализациялау, құрылымды есептеу және 3D модельдеу құралдарын қолданыңыз

Әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде өндірістік процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша білімдерін көрсету

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыстарды өндіру жобасын, құрылысты ұйымдастыру жобасын және басқа да техникалық құжаттаманы дайындау

Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау

6В07321 «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау» білім беру бағдарламасы жобалау-конструкторлық және инновациялық ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыра алатын жоғары білікті құрылысшыларды даярлауға арналған. Бағдарлама құрылыс саласының теориялық және практикалық аспектілерін, заманауи ақпараттық технологиялар мен BIM-технологияларын қолдануды қамтиды.

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Бағдарламаның мақсаты – отандық және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие құрылысшыларды даярлау. Ол ғимараттар мен имараттарды жобалау, құрылыс нормаларын қолдану, инженерлік графика мен 3D-модельдеуді меңгеру, сондай-ақ автоматтандырылған инженерлік-техникалық модельдеуді пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Артықшылықтары:

  • Құрылыс ғылымының теориялық және практикалық аспектілерін тереңдетіп оқу.
    • Заманауи BIM-технологиялары мен ақпараттық модельдеуді меңгеру.
    • Инженерлік және инновациялық құрылыс шешімдерін әзірлеу дағдыларын дамыту.
    • Автоматтандырылған инженерлік-техникалық модельдеу құралдарын қолдану мүмкіндігі.
    • Ғылыми, кәсіби және іскерлік қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.

Оқытылатын модульдер:

  • Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық
    • Көптілді дайындық
    • Негізгі компьютерлік технологиялар
    • Жаратылыстану-ғылыми дайындық
    • Негізгі инженерлік дайындық
    • Өмір қауіпсіздігі және құрылыстағы экономика
    • Архитектуралық конструкциялар
    • Инженерлік механика
    • Ғимараттар мен имараттардың инженерлік жүйелері
    • Құрылыс машиналары және құрылыстағы электрмен жабдықтау
    • Құрылыстағы ақпараттық модельдеу
    • Темірбетон конструкцияларын жобалау
    • Металл конструкцияларын жобалау
    • Құрылыс геотехникасы
    • Құрылыс өндірісінің технологиясы
    • Бейстандартты ғимараттар мен имараттарды сынау және жобалау

Перспективалар:

Бағдарлама түлектері жобалау-конструкторлық ұйымдарда жұмыс істеп, ақпараттық технологиялар мен BIM-технологияларын қолдана отырып құрылыс нысандарын әзірлеумен және жобалаумен айналыса алады. Олар инновациялық ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте, стратегиялық жоспарлау мен құрылыс жобаларын үйлестіруде сұранысқа ие болады. Сонымен қатар, түлектер ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметпен айналысып, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жоғары лауазымдарды иелене алады.

Кеңістіктік формаларды жазықтықта бейнелеудің негізгі әдістерін қолдану және талдау; сәулет-құрылыс сызбаларын оқи білу. Компьютерлік графика саласындағы ақпараттық технологиялар құралдарын анықтау және қолдана білу. AutoCAD автоматтандырылған жобалау жүйесінің бағдарламасын пайдалана отырып, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің жалпы ұғымдарын түсіну, сондай-ақ ғимараттардың, құрылыстардың, конструкциялардың сәулет-құрылыс сызбаларын орындау және оқу, конструкторлық құжаттаманы жасау үшін қажетті дағдыларды қолдану.

Құрылымдарды есептеуді орындау үшін негізгі жаратылыстану-ғылыми процестерді, заңдарды түсіну және қолдану, оларды құрылыс өндірісі процесінде зерттеу және талдау.

Құрылыс конструкцияларының жұмысының негізгі принциптерін жіктеу және сипаттау, есептеудің қажетті әдістерін талдау, конструкцияларды жобалау, есептеу нәтижелерін талдау, құрылымдардың беріктігі, қаттылығы мен тұрақтылығы туралы жіктеу және қорытынды жасау.

Ғимараттардың сыртқы және ішкі коммуникациялық желілерінің жұмысын түсіну, ресурстардың қажеттілігін есептеу және автоматтандырылған есептеулерді, құралдарды, машиналар мен механизмдерді қолдана отырып жобалау-конструкторлық шешімдерді анықтау.

Кадастр

6B07501 «Кадастр» білім беру бағдарламасының мақсаты – жерге орналастыру және кадастр саласында бәсекеге қабілетті маманды даярлау, ол сыни ойлау қабілетіне ие, жер мониторингі және жылжымайтын мүлік кадастры, жер мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін кадастрлық және экономикалық бағалау бойынша жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындау үшін теориялық және практикалық ақпаратты қолдана алатын, сондай-ақ жобаларды әзірлеу кезінде нормативтік базаны пайдалана алатын болады.

Білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын пәндер

Жалпы кәсіптік геодезиялық, картографиялық, кадастрлық дайындық және жер қатынастарындағы ГАЖ, арнайы спутниктік бақылаулар және жылжымайтын мүлікті кадастрлық бағалау.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • Қазақстан Республикасының барлық санаттағы, түрдегі және меншік пен пайдалану нысандарындағы жер ресурстары;
  • Қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер шегінде орналасқан, олардың санаттарға бөлінуіне, нысаналы пайдаланылуына және меншік нысандарына қарамастан, жылжымайтын мүлік объектілері мен түрлері;

Барлық жер иелену және жер пайдалану түрлері, соның ішінде қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер шегінде орналасқан, олардың санаттарға бөлінуіне, нысаналы пайдаланылуына және меншік нысандарына қарамастан.

Геодезия және картография

6В07371 – «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы картографо-геодезиялық кәсіпорындарда, сондай-ақ құрылыс компанияларында, мұнай-газ, геологиялық барлау және халық шаруашылығының басқа да салаларында жұмыс істеуге дайын білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін геодезия және картография маманы геодезиялық және аэроғарыштық ақпаратты жинаумен, қорытумен және талдаумен айналысады; мақсаттарды анықтап, оларды іске асыру жолдарын заманауи ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып таңдайды; нысан туралы ақпарат алудың негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын меңгереді; ақпаратты сақтау, өңдеу және басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларына ие болып, бағдарламалық өнімдерді пайдаланады.

Қорытынды мақсат – геодезия және картография саласында ғылыми ақпаратты кәсіби міндеттерді шешу және талдау үшін пайдалана алатын, аумақтық даму мен картографиялау, құрылыс және инженерлік ізденістер, табиғи ресурстарды басқару саласында заманауи әдістер мен технологияларды қолдана алатын білікті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын пәндер

  • Жалпы білім беретін геодезиялық дайындық
  • Жалпы білім беретін картографиялық дайындық
  • Нысандарды зерттеудің қашықтықтан жүргізу әдістері
  • Бейне өңдеу және фотограмметриялық дайындық
  • Нысандарды бақылауға арналған геодезиялық дайындық
  • Спутниктік геодезиялық дайындық
  • Нысандарды бақылауға арналған геодезиялық дайындық

Кәсіби қызмет объектілері:

  1. Жердің беті, мемлекеттік геодезиялық желілер және арнайы мақсаттағы желілер;
  2. Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары;
  3. Азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар;
  4. Пайдалы қазбалар кен орындары;
  5. Жер учаскелері, қалалық аумақтар;
  6. Табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер.