Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Жылыой, Мақат және Исатай аудандық әкімдіктерінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің өкілдері Халықаралық білім беру корпорациясы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтады.
Оқыту офлайн форматта 2024 жылғы 12-16 ақпан аралығында келесі бағыттар бойынша өтті:
«Бас жоспар және қала құрылысының өзекті мәселелері»
«Инновациялық тұрғын аудандар және проблемалар»
«Тұрғын және қоғамдық ғимараттар архитектурасын салудың өзекті мәселелері».
Оқуды сәтті аяқтағантыңдаушыларға сертификаттар табысталды.