2024 жылдың 30 мамырында Халықаралық білім беру корпорациясының диссертациялық кеңесінің отырысында Жылқыбаева Әлия Мұхаметқалиқызының 8D07361-«Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Балқаш тау-кен байыту комбинаты қалдықтарының модификацияланған бетонның құрылыс-пайдалану қасиеттеріне әсерін зерттеу» тақырыбында диссертацияны қорғау өтеді.
Отырыстың басталу уақыты: 14: 00 (2: 00 РМ) Алматы сағаты
ХОК диссертациялық кеңесінің отырысы Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28, ХОК, №4 аудитория мекенжайы бойынша өткізіледі.