«Тәуелсіз Қазақстан жағдайында сәулет өнерінің өңірлік белгілерін қалыптастыру факторлары» ғылыми семинары

2024 жылы 13 маусымда Халықаралық білім беру корпорациясының Сәулет факультетінде ИРН АР 19680138 гранттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан жағдайында сәулет өнерінің өңірлік белгілерін қалыптастыру факторлары» атты ғылыми семинар өтті. Семинар зерттеудің аралық нәтижелерін талқылауға арналды. 

Гранттық жобаның ғылыми қызметкерлері: 

  • гранттық жобаның бас ғылыми қызметкері — сәулет докторы, профессор-зерттеуші Абдрасилова Гульнара Сейдахметовна; 
  • аға ғылыми қызметкер — сәулет кандидаты Рахимжан Ляйля Шаймерденқызы;
  • ғылыми қызметкер — сәулет кандидаты, «Қазқайтажаңарту» РМК ҒЗЖФ ҒЗБ бастығы Камалова Гульнара Мамырбековна;
  • жобаның ғылыми жетекшісі — PhD Данибекова Эльвира Темиргалиевна жобаларын қорғады.