ХБК мен «Teplo Foundation» Жеке Қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды 

2024 жылы 31 шілдеде Халықаралық білім беру корпорациясы мен «Teplo Foundation» жеке қоры өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі тарап жасыл тоқыма, сән және дизайн салаларын дамытуға, сондай-ақ дарынды жастар мен білім беруді қолдауға қызығушылық танытты. Бұл ынтымақтастықта Дизайн факультеті маңызды рөл атқарады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары тұрақты дамуды қамтамасыз ету және тоқыма бұйымдарын қайталама пайдалану әдістерін енгізу, студенттік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстанда технологиялық кәсіпкерлік пен ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды қамтиды.

Ынтымақтастық аясында сән және тоқыма индустриясындағы инновацияларды дамытуға бағытталған креативті шеберханалар мен қонақ дәрістерді қоса алғанда, бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.