«Дизайн» факультетінде «Материалдар кітапханасы» жаңа оқу аудиториясының ашылуы

2024 жылы 26 тамызда Халықаралық білім беру корпорациясында «Дизайн» факультетінде «Материалдар кітапханасы» жаңа оқу аудиториясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба демеуші ретінде әрекет еткен Blum Central Asia компаниясымен бірлесе жүзеге асырылды.
Ашылу салтанатында Халықаралық білім беру корпорациясының Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Маргарита Булатовна Имандосова және Blum Central Asia компаниясының бас директоры Екатерина Александровна Шарутина сөз сөйледі. Олар жобаның студенттердің білім алу мүмкіндіктерін арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, сапалы оқу үдерісін қалыптастыруда өнеркәсіп көшбасшыларымен әріптестіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Материалдар кітапханасы» студенттер мен оқытушыларға дизайн саласындағы заманауи материалдар мен технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды ресурсқа айналады.