ХБК оқытушылары Бостандық ауданы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды

2 қазан күні Ұстаздар күні қарсаңында Халықаралық білім беру корпорациясының оқытушылары Бостандық ауданы әкімдігінің алғыс хаттарын алды. Аудан әкімі Алин Санжар Меңдібайұлы олардың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестерін және көпжылдық еңбектерін жоғары бағалады.

 

Марапатталғандардың қатарында жалпы құрылыс факультетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының профессорлары: 

  • 21 жылдық ағылшын тілін оқыту тәжірибесі бар ассистент-профессор Мангазина Жанель Раульқызы;
  • 23 жылдық дене шынықтыру пәнінен оқыту тәжірибесі бар қауымдастырылған профессор Югай Инна Владимировна;
  • 21 жылдық қазақ тілін оқыту тәжірибесі бар қауымдастырылған профессор Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы.

 

Құрметті оқытушыларымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Білім беру саласындағы жұмыстарыңызға табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!