Халықаралық білім беру корпорациясы «IQanat School of Burabay» мектебінің түлектеріне 5 грант бөлуде.
IQanat білім беру қоры 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «IQanat School of Burabay» — Қазақстанның ауыл мектептерінен шыққан талантты 300 оқушыға арналған пансионат мектебі, олар IQanat олимпиадасының республикалық кезеңінің финалистері. Бұл мектепте ауылдың жоғары сынып оқушыларын емтихандарға дайындап, олардың шығармашылық әлеуетін дамытады. Түлектердің 85%-ы жергілікті және шетелдік жоғары оқу орындарына грантқа түскен.
Осыған байланысты Халықаралық білім беру корпорациясы «IQanat School of Burabay» мектебінің түлектеріне оқудың бүкіл кезеңіне 5 грант бөлуде. Үміткерлердің кандидатураларын арнайы комиссия қарайтын болады.
«Сапалы білім — табысты болашақтың негізі және жастардың әлеуетін ашудың кілті. IQanat білім қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі болу — ауылдық өңірлерден шыққан талантты балалардың дамуына үлес қосып, олардың білімге және өзін-өзі дамытуға ұмтылысын қолдау мүмкіндігі», — деп атап өтті Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айгазы Амирланович Кусаинов.