«Сейсмология және құрылымдардың сейсмотұрақтылығы» кітабының тұсаукесері

2024 жылғы 17 қазанда Халықаралық білім беру корпорациясында «Сейсмология және құрылымдардың сейсмотұрақтылығы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кітап Қазақстан Республикасының ерекшеліктерін ескере отырып, сейсмология саласындағы терең және өзекті зерттеуді ұсынады. 

 

Кітаптың авторларының бірі – Кусаинов Амирлан Айдарбекович, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Құрметті мүшесі, Американдық құрылыс инженерлері қоғамының мүшесі, Халықаралық Инженерлік Академияның академигі.

 

Кітаптың маңызды бөлігі — SCAD Office бағдарламалық кешенінде сейсмикалық әсерлерді есептеу және сейсмоизоляцияны жобалау бойынша ұсыныстар мен есептеу мысалдары, бұл оны сейсмотұрақты құрылыс мәселелерімен айналысатын мамандарға, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға пайдалы етеді.

 

Кітап сейсмология және сейсмотұрақтылық саласындағы мамандардың кең ауқымына ұсынылады, сондай-ақ оқу құралы ретінде пайдалануға болады.