2024 жылдың 4-8 қарашасы аралығында Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА) өкілдері, профессор-зерттеуші, сәудет докторы Гулнара Абдрасилова, сәулет докторы, ЮНЕСКО-ның «Тарихи-мәдени мұраны сақтау» кафедрасының меңгерушісі, профессор Мехрибану Глаудинова және «ОАП» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор-зерттеуші, PhD доктор Эльвира Данибекова жұмыс сапарымен Нысадағы Мемлекеттік қолданбалы ғылымдар академиясының (PANS) Техникалық факультетінде болды.
ХБК Erasmus+ бағдарламасы аясында Нысадағы Қолданбалы ғылымдар мемлекеттік академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы болып табылады. Бұл біздің корпорация өкілдерінің Ныса академиясына алғашқы сапары болды. Сапар барысында «Сәулет» бағытының студенттері мен оқытушыларына арналған дәрістер оқылды: «Тұрақты сәулеттік мұра: бүгінгі Жібек жолы», «Қазақстан сәулетінің тарихы: дала феномені» және «Қазақстан сәулетіндегі инновациялар: тарих және заманауи». Дәрістер тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, оларды тарихи контекст, аймақтың сәулеттік ерекшеліктері мен даму перспективаларымен таныстырды, бұл тақырыптар поляк және еуропалық сәулетшілер үшін беймәлім мәлімет болды.
Сапар барысында ХБК өкілдері Ныса қаласындағы Қолданбалы ғылымдар мемлекеттік академиясының студенттік мәселелер және оқыту жөніндегі проректоры, академия профессоры доктор Йоанна Щепаньскамен және сыртқы байланыстар бөлімі басшысы магистр Анна Опалкамен кездесу өткізді. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықты дамыту, әсіресе студенттердің академиялық ұтқырлығы саласындағы перспективалар талқыланды. Сонымен қатар, біздің профессорлар PANS оқытушылары және студенттерімен тәжірибе алмасып, білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Қазақстандық қонақтар үшін арнайы экскурсиялар ұйымдастырылып, олар Польша мәдениетімен және заманауи сәулетімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай іс-шаралар халықаралық байланыстарды нығайтып, академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.