Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) оқуға арналған 5 білім беру грантын Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) түлектеріне бөлетінін жариялады.
Әр грант оқу бағдарламасының толық кезеңінде оқудың 100% құнын жабады. Таңдау критерийлеріне үміткерлердің академиялық үлгерімі, қабылдау емтихандарының нәтижелері және мотивациялық хаттары кіреді.
«РФММ түлегі ретінде мен мектептегі жылдарымды жылы сезіммен еске аламын және енді осы мектептің болашақ таланттарын қолдағым келеді. Бұл гранттар — сәулет, құрылыс және дизайн әлемінде өзін-өзі танытуды армандайтын жас дарындар үшін ерекше мүмкіндік» — деп атап өтті Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айгазы Амирланович Кусаинов.
ХБК дарынды түлектерге жаңа көкжиектер ашады. Бұл қадам корпорацияның дарынды жастарды қолдау және болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға деген ұмтылысын растайды.