Халықаралық білім беру корпорациясы қазақ тілін қолдауға бағытталған QAZAQ TILI Endowment қорына 10 миллион теңге бөлді. Бұл қаражат қазақ тілін дамыту саласындағы жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Бұған дейін, 2023 жылдың 7 желтоқсанында, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қордың алғашқы демеушісі ретінде өз жеке қаражатынан 7 миллион теңге аударған болатын.
«Біздің корпорация мемлекеттік тілді сақтау және дамытуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды. Біз «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуының маңыздылығын айқындаған Мемлекет басшысының көзқарасын толықтай қолдаймыз. Қазақ тілі – ұлттық бірегейлігіміздің және рухани мұрамыздың негізі. Мемлекеттік тілді дамыту мен оны насихаттау – қоғам алдындағы біздің ортақ міндетіміз. Баршаңызды осы маңызды мақсатқа қосылуға шақырамыз», – деп атап өтті ХБК Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айгазы Амирланович Кусаинов.