5 желтоқсан күні Халықаралық білім беру корпорациясының студенттері «Арди арт» шығармашылық орталығына барды.
Студенттер күніне орай ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражат Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілік қолдау көрсетуге бағытталды.
Сапар барысында студенттер домбыра ойнау, музыкалық нөмірлер, анимациялық шоу және сыйлық сертификаттарын табыстауды қамтитын ойын-сауық бағдарлама дайындады. Бұл іс-шаралар ерекше кезеңдегі балаларға көрсетілетін қолдау мен қамқорлықтың айқын көрінісі болды.
«Jumart Jurek» қоғамы Халықаралық білім беру корпорациясына ризашылығын білдіріп, ректорға алғыс хат табыс етті. Онда атқарылған жұмыстың маңыздылығы және студенттер мен оқытушылар тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға деген шынайы қамқорлық ерекше атап өтілді.