2024 жылғы 27 желтоқсанда «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау комиссиясының шешімімен бұл марапатқа отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан 50 үздік ғалым лайық деп танылды.
Мақтанышпен хабарлаймыз: жеңімпаздар қатарында ҚТИМФ қауымдастырылған профессоры, ХБК бас ғылыми қызметкері Құлтаева Шынар Мәлікқызы бар. Бұл жетістік – жоғары кәсіби еңбектің және ғылыми қызметтегі маңызды табыстардың лайықты бағалануы.
Премия Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы аясында ғалымдарды қолдау және ғылым мен техниканы дамыту мақсатында тағайындалған. Байқауға жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық және әскери ғылымдар, медицина, ауыл шаруашылығы мен технологиялар сияқты жеті бағыт бойынша 308 өтінім қабылданды. Таңдау процесінің ашықтығы автоматтандырылған бағалау жүйесі мен сарапшылар тобының қатысуымен қамтамасыз етілді. Жеңімпаздардың қатарындағы 50 ғалымның ішінде Шынар Мәлікқызының жетістіктері қазақстандық ғылымның жоғары деңгейін дәлелдейді.
Ғылыми мансабыңызда жаңа табыстарға, жаңалықтарға және шабытқа толы сәттер тілейміз!