Біз ақылы негізде оқитын студенттерге арналған арнайы SCHOLARSHIPS стипендиясына өтініш қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз! Бұл стипендия бір оқу семестріне 100% немесе 50% жеңілдік алуға мүмкіндік береді.
Өтініш қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 9 қаңтарынан 14 қаңтарына дейін. Өтініштер онлайн түрде IPORTAL арқылы қабылданады (электрондық кабинет — SCHOLARSHIPS стипендиясы).
Бақатысу шарттары:
- Бағаларыңыз A- төмен болмауы тиіс;
- Академиялық қарыздың болмауы;
- Соңғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша (практика бойынша емтихандық бағаны қоса алғанда) FX бағасының болмауы;
- Барлық курстардың күндізгі бөлім студенттері қатыса алады.
Барлық сұрақтар бойынша өз факультеттеріңіздің деканатымен байланысыңыз.