
2025 жылғы 12 ақпан халықаралық итальяндық дизайн күні аясында ХБК-ға (ҚазБСҚА) Италия делегациясы келді. Делегация құрамына Италия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Аниелло Петито, Италия мәдениет орталығының директоры Эдоардо Крисафулли, Италияның Сауда агенттігінің директоры Мартино Кастеллани және Қазақстандағы итальяндық дизайн елшісі Сальваторе Амура кірді.
Кездесудің маңызды бөлігі Сальваторе Амураның «Теңсіздікті еңсеру: жақсы өмір сүруге арналған дизайн» тақырыбындағы қонақтық дәрісі болды. Өз баяндамасында ол итальяндық дизайнның заманауи үрдістерін таныстырып, оның жайлы және инклюзивті қалалық ортаны құруға ықпалын баяндады.