
2025 жылдың 21 ақпанында Халықаралық білім беру корпорациясына (ҚазБСҚА) Корольдік британдық сәулетшілер институтының (RIBA) атқарушы директоры Эдриан Добсон келді.
Сапар барысында ол оқу корпусы, мамандандырылған зертханалар және ЮНЕСКО кафедрасымен танысты. Одан кейін сәулет факультетінің оқытушыларымен кездесу өтіп, ХБК (ҚазБСҚА) пен RIBA арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде RIBA аккредитациясын алу мүмкіндігі талқыланды.
Сапар соңында Эдриан Добсон Патрик Шумахердің дәрісіне қатысып, сәулет және қала құрылысы саласындағы халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.