2025 жылдың 29 мамырында Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) «Вебтундар қалай жасалады: неден бастау керек?» тақырыбында қонақ лекция өтті. Іс-шара Кореяның Манхва вебтун академиясымен бірлесе ұйымдастырылды.
Лекцияны цифрлық өнер мен сторителлинг саласының маманы, арнайы шақырылған спикер Шин Грейс жүргізді. Қатысушылар вебтун — бұл әлем суретшілері дайындаған түрлі жанр мен стильдегі комикстер мен веб-мангаларды оқуға арналған заманауи онлайн платформа екенін білді. Лектор вебтун жасау кезеңдерімен, визуалды баяндау негіздерімен және цифрлық ортада жұмыс істеудің ерекшеліктерімен бөлісті.
Іс-шараға Кореяның Манхва вебтун академиясының ресми өкілдері қатысты:
Сапар аясында Халықаралық білім беру корпорациясы провосты Сабденалиев Бахтияр Асылбаевич пен Ульсан қаласы әкімдігінің өкілі, Ульсанның цифрлық индустрияны дамыту агенттігінің директоры Ли Сан Иль арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024