Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) шетел азаматтарына арналған «Global Talent Scholarship» арнайы стипендиялық бағдарламасын іске қосады. 

Бағдарлама Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ дарынды талапкерлерге бірінші оқу жылына 15%, 25%, 50% жеңілдіктер ұсынады.

Стипендия келесі кезеңдерден тұратын конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады:

  • аттестатты бағалау;
  • академиялық эссе;
  • әңгімелесу;
  • шығармашылық емтихандар (Сәулет және Дизайн мектептеріне түсушілер үшін).
    Өтініштерді қабылдау мерзімі: 20 маусым – 5 тамыз

Конкурстық комиссия отырысынан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде нәтижелер ресми сайтта жарияланады.