Бүгінгі еңбек нарығы жас мамандардан кәсіби біліммен қатар, цифрлық құзыреттілікті де талап етеді. Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) студенттердің цифрлық дайындығы алғашқы курстардан басталады: оқу бағдарламаларына IT-сауаттылық, BIM-технологиялар, жобалық менеджмент және аналитика бойынша модульдер енгізілген. 2025 жылы студенттер Coursera халықаралық платформасында «Баршаға арналған жасанды интеллект» курсын аяқтап, заманауи технологиялық үрдістер туралы түсінігін кеңейтті.
ХБК-дағы ерекше бағыттардың бірі — DronLab дрондар зертханасы. Мұнда студенттер ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды үйреніп, оларды сәулеттік зерттеулерде, аэрофототүсірілім мен нысандарды бақылауда тиімді қолдануда. Бұл дағдылар қала құрылысы мен инженерия салаларында аса сұранысқа ие.
Студенттердің еңбек нарығына практикалық бейімделуін ХБК-ның мансап және тәжірибе орталығы қамтамасыз етеді. Орталық цифрлық және soft skills бойынша тренингтер, жұмыс берушілермен кездесулер мен жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024