Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке азаматтарды дайындау жоғары кәсіптік білім негізінде жүзеге асырылады. Бұл оқу бағдарламасы әскери-оқытылған резервті қалыптастыру және офицерлік пен сержанттық құрамның бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында өткізіледі.
Офицерлер мен сержанттар құрамын даярлау бағдарламасы
Әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде жүргізіледі. Тегін оқу үшін ХБК студенттері қабылданады. Бұл орындарға тек рейтинг бойынша жоғары көрсеткіштерге ие студенттер іріктеледі (бөлінген орын санына сәйкес).