2025 жылдың 10-11 шілдесінде Халықаралық білім беру корпорациясында бакалавриат және магистратура түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Әр түлек терең академиялық және практикалық дайындықтан өтіп, кәсіби мансапқа сенімді бастау жасауға қажетті құнды білім мен дағдыларды меңгерді. Енді түлектерді қоғам игілігі үшін қызмет ету, инновациялық шешімдерді енгізу, салаларды дамыту және елдің орнықты болашағына үлес қосу секілді жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр.

Салтанатты рәсім жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Іс-шараға ХБК басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, түлектердің ата-аналары мен жақындары, сондай-ақ бейінді бағыттар бойынша серіктес компаниялардың өкілдері қатысты. Жас мамандарға құттықтау сөздерін ХБК Бақылау кеңесінің төрағасы Айгазы Амирланович Кусаинов пен Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Булатовна Имандосова арнап, түлектерге кәсіби жолда табыс, әлеуетін жүзеге асыру және өз күшіне сенім тіледі. 

Барлық түлектерімізді осы маңызды өмірлік кезеңмен шын жүректен құттықтаймыз және кәсіби әрі тұлғалық даму жолында табыс тілейміз!