2025 жылғы 26 сәуірде Халықаралық Білім беру Корпорациясында KazGASA және Қазақ-Америка университетінің (KAU) ұйымдастыруымен Ашық есіктер күні өтті. Іс-шара 400-ден астам қонақты — талапкерлер мен олардың ата-аналарын біріктірді.

Ашық есіктер күні аясында қонақтар қабылдау шарттары мен білім беру бағдарламалары бойынша жан-жақты кеңес алды, корпорацияның инфрақұрылымымен, студенттік өмір атмосферасымен және оқу орындарының дәстүрлерімен танысты. Іс-шара барысында қатысушылар үшін оқу корпустарына экскурсиялар ұйымдастырылып, олар заманауи зертханалар мен оқу алаңдарын аралады. Сонымен қатар, қонақтар үшін әртүрлі белсенділіктер, брендтік өнімдер ұтыс ойындары және белсенді студенттермен кездесулер өткізілді.

Ашық есік күні талапкерлердің кәсіби бағдарлануында маңызды кезеңге айналып, оларды университеттік ортаға тартуға және ХБК-да білім алуға деген қызығушылықты нығайтуға ықпал етті.