2025 жылдың 15 сәуірінде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Сәулет факультетінің Қалалық зерттеулер зертханасының қолдауымен «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті. Іс-шара зертхананың қалалық ортадағы инклюзивтік мәселелерін зерттеу аясында ұйымдастырылып, архитектура, урбанистика, әлеуметтік саясат және инклюзивті дизайн салаларындағы жетекші сарапшыларды жинады.
Инклюзивті дамудағы тәжірибе және бастамаларымен Жанар Габудлина – Алматы қаласын дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары, Нуржан Тамен – «Алматыгенплан ҒЗИ» ЖШС бөлім басшысы, Сериков Алмат – Qazaq Stroy Astana құрылыс жөніндегі директоры, Касиет Омарова – Алматы қаласы әкімінің инклюзивтілік жөніндегі кеңесшісі және Ольга Райт – сәулетші, Right бюросының тең құрылтайшысы, ХБК-ның қауымдастырылған профессоры бөлісті. Сессия модераторы ретінде ХБК Сәулет факультетінің PhD, қауымдастырылған профессоры Жайна Толеген сөз сөйледі.
Сессия ашық пікірталаспен аяқталып, академиялық қауымдастық, студенттер, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері Қазақстандағы инклюзивті практикаларды енгізудің өзекті мәселелері мен келешегін талқылады.
Бұл панельдік сессия Алматы мен тұтас Қазақстанда тұрақты әрі адамға бағытталған қалалық ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024