2025 жылғы 9 шілдеде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Future of Mobility компаниясының ұйымдастыруымен «Қалалық мобильділік инфрақұрылымын жобалаудың негіздері» тақырыбында практикалық бағыттағы воркшоп өтті. Сәулет және инженерлік бағыттар бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған бұл шара заманауи қалалық ортада жобалау дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасының бір бөлігі болды.

Воркшоптың ерекшелігі — Алматы қаласындағы Charterhouse мектебі құрылыс жобасының нақты кейсті талдау болды. Бір күндік интенсив барысында қатысушылар жоба жұмысының барлық кезеңінен өтті — далалық зерттеуден бастап, жобалық шешімдердің соңғы таныстырылымына дейін. Воркшоптың негізгі мақсаты — нақты учаске мысалында инфрақұрылымның көлікпен қамтылуын жақсарту, сонымен қатар барлық пайдаланушылар — жаяу жүргіншілер, автокөлік жүргізушілері және қоғамдық көлік жолаушылары үшін қауіпсіздік пен қолайлылықты арттыру болды.

Future of Mobility компаниясының сарапшыларының жетекшілігімен студенттер аумақты талдап, бастапқы деректерді жинады, тақырыптық фокус-топтарда жұмыс істеді, көлік моделін жасап, жобалық ұсыныстар дайындады.

Воркшоптың спикерлері ретінде жобалар бойынша бас сәулетші Иван Иванов, модельдеу бөлімінің жетекшісі Георгий Головашин және жетекші аналитик Рамазан Әуезов сөз сөйледі. Бұл шара студенттердің қалалық ортаны талдау, модельдеу және жобалау бойынша пәнаралық құзыреттерін қалыптастыруда маңызды қадам болып, академиялық орта мен кәсіби индустрия арасындағы тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналды.