2025 жылдың 24-25 сәуірі күндері Халықаралық Білім беру Корпорациясының базасында студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңі өтті. Олимпиада келесі білім беру бағдарламалары топтары бойынша ұйымдастырылды: B073 — Сәулет, B074 — Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс, B031 — Мода, дизайн.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің кәсіби білім деңгейін арттырып, олардың құзыреттерін дамыту және бейінді пәндер бойынша даярлық деңгейін заманауи білім стандарттарына сәйкес объективті бағалау болды.
Аталған олимпиада болашақ мамандардың практикалық дағдыларын көрсетуге, тәжірибе алмасуға және академиялық өзара әрекеттестікке арналған тиімді алаңға айналды. Мұндай іс-шараларды өткізу жоғары оқу орындары арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға және студенттердің республикалық деңгейдегі академиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024