Корпоративтік рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және корпорация қызметкерлері арасында спорттық дәстүрлерді дамыту мақсатында 2025 жылғы 30 мамыр мен 5 маусым аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында Құсаинов Әмірлан Айдарбекұлының жарқын бейнесіне арналған Корпоративтік Спартакиада 2025 өтті. Бұл жарқын іс-шара KazGASA мектебі, KAU мектебі, KazGASA колледжі, Digital колледж, Verum Construction және екі жоғары оқу орны — KazGASA мен KAU қызметкерлерін біріктірді.
Спартакиада бағдарламасына түрлі спорт түрлері енді: эстафета, шахмат, волейбол, баскетбол, мини-футбол, үстел теннисі және қол күрес (армрестлинг).
Жарысқа 12 команда қатысты. Жүлделі орындар келесі командаларға бұйырды: «Сұңқар» командасы (KazGASA), «K2 United» командасы (KazGASA колледжі және Digital колледж), «Барыс» командасы (KAU мектебі). Жалпы жүлде қоры 2 200 000 теңгені құрады.
Халықаралық білім беру корпорациясы барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге белсенді қатысқандары үшін, қолдауы және бірлік атмосферасын қалыптастыруға қосқан үлестері үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Спартакиада — спорттың, достықтың және ұйымшылдықтың нағыз мерекесіне айналды!
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024