2025 жылғы 21 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) оқу жылының қорытындысына арналған «МОК Awards» салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара академиялық және оқу үдерісінен тыс өмірге белсене қатысқан студенттердің еңбегін мойындау дәстүріне айналды.

Салтанатты кешті ХБК ректоры Имандосова Маргарита Булатовна ашып, студенттік бастамалар, көшбасшылық және әлеуметтік жауапкершіліктің қазіргі заманғы білім беру кеңістігінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Рәсім аясында академиялық жетістіктер мен жоғары оқу орнының қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысқан студенттерге түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды. Ең жарқын номинациялар  қатарында: Жылдың үздік жобасы, Жылдың жарқын бастамасы, Жылдың үздік ашылуы, сондай-ақ алғыс хаттар мен дипломдар болды.

МОК Awards — бұл тек жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар студенттердің жеке және кәсіби дамуына, жоғары оқу орнының өміріне белсенді араласуына түрткі болатын маңызды мотивациялық бастама.

Мұндай іс-шаралар белсенді академиялық қауымдастықты қалыптастыруға, таланттарды қолдауға және оқу орнындағы корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.