2025 жылғы 27 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясы студенттерді, түлектерді және Қазақстанның жетекші жұмыс берушілерін біріктірген ауқымды мансаптық іс-шара — Career EXPO алаңына айналды.
Іс-шараның басты сәті — халықаралық бестселлер Blue Ocean Strategy кітабының қазақ тіліндегі аудармасы «Көк мұхит стратегиясы» атауымен таныстырылуы болды. Бизнес пен бәсекелестікке көзқарасты түбегейлі өзгерткен бұл кітап академиялық және кәсіби қауымдастыққа ұсынылды. Жобаға қолдау көрсеткен — кәсіпкер әрі меценат, YPO Kazakhstan ұйымының мүшесі Алмаз Тультаев.
Панельдік сессияның модераторы — KAU басқарушы серіктесі Абылай Алатаев. Құрметті спикерлер қатарында ХБК Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Қусаинов пен Comfort Sales, Вкусная корзинка және Multibrand Central компанияларының негізін қалаушы Алмаз Тультаев болды.
EXPO бағдарламасы аясында:
Career EXPO тек мансаптық даму мен нетворкинг алаңы ғана емес, сонымен қатар жастарды жаңа идеялар мен серпінді стратегияларға шабыттандырған маңызды оқиғаға айналды.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024