Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) алғаш рет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (Sustainable Development Goals, SDGs) қосқан үлесі бойынша университеттерді бағалайтын THE Impact Ranking 2025 халықаралық рейтингіне енді. Бұл рейтингті әлемдегі беделді жоғары оқу орындарын бағалау саласындағы жетекші сарапшылардың бірі — Times Higher Education (THE) басылымы жасақтайды.

ХБК-ның (KazGASA) осы рейтингке енуі жоғары оқу орнының тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік, ғылым мен білімді дамыту және серіктестік бастамаларды қолдау бағыттарындағы халықаралық деңгейдегі еңбегінің мойындалғанын көрсетеді.

ХБК (KazGASA) келесі негізгі Тұрақты даму мақсаттары бойынша атап өтілді:
— ТДМ 1 — Жоқшылықты жою: 801-1000
— ТДМ 3 — Денсаулық және әл-ауқат: 1501+
— ТДМ 9 — Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым: 801-1000
— ТДМ 17 — Мақсаттарға жету үшін серіктестік: 1501+