Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) профессорлық-оқытушылық құрамы 2025 жылғы 16-30 маусым аралығында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ базасында өндірістік тәжірибеден өтті. Бұл тәжірибе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 5 наурыздағы тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ 2024-2025 оқу жылына арналған «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өзара іс-қимыл Жол картасы аясында ұйымдастырылды.

Тәжірибе «Сәулет және құрылыс» кадрларын даярлау бағыты бойынша РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігінің қызметі аясында өтті. Бағдарламаның мақсаты оқытушылардың тәжірибеге бағытталған біліктілігін арттыру, еліміздің жетекші құрылыс ұйымдарымен серіктестікті дамыту және білім беру үдерісіне салалық заманауи тәжірибелерді енгізу болды.