2025 жылдың 21–22 сәуірінде Халықаралық Білім беру Корпорациясы (KazGASA) Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Білім және мансап – 2025» халықаралық білім көрмесіне қатысты.
Іс-шараның алғашқы күні салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Оған Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Түркия және басқа елдердің жетекші университеттерінің өкілдері қатысты.

Көрмеде Халықаралық Білім беру Корпорациясының (KazGASA) оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы өзекті ақпарат ұсынылған стенді болды. Қонақтарға ақпараттық буклеттер, триплеттер және оқу орнының имидждік өнімдері ұсынылды.
Екі күн ішінде ХБК (KazGASA) өкілдері шетелдік талапкерлерге арналған жеке кеңестер өткізіп, оқу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және шетелдік студенттер үшін жасалған қолайлы жағдайлар туралы толық ақпарат берді.
Көрмеге қатысу ХБК-ның халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуда және болашақ студенттерінің географиясын кеңейтуде маңызды қадам болды.