Ғылым мен инновацияны дамыту аясында 2025 жылғы 25 сәуірде Халықаралық Білім беру Корпорациясында (KazGASA) Қалалық зерттеулер зертханасының ұйымдастыруымен ашық лекция өтті. Іс-шараның спикері Бахрейн Университетінің сәулет профессоры Ислам Хамди Эльгонаими (Islam Hamdi Elghonaemy) болды. Ол «Using drones in urban planning with sustainable approach in achieving SDG» («Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін дрондарды қалалық жоспарлауда қолдану») тақырыбында дәріс оқыды.
Профессор Ислам Хамди Эльгонаими — Бахрейн Университетінің сәулет профессоры, ландшафтық сәулет бағдарламасының үйлестірушісі, қала құрылысы және мәдени мұраны сақтау саласындағы консультант. Оның сәулет, урбанистика және тұрақты жобалау бағыттарында академиялық және практикалық қызметте 24 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол өзінің PhD ғылыми дәрежесін Египеттегі Мансура университетінде Огайо штаты университетімен (АҚШ) бірлесіп қорғаған.
Профессор Эльгонаими — Египеттегі «Architecture Center» орталығының тең құрылтайшысы, БҰҰ, ДДСҰ және Дүниежүзілік банк жобаларына белсенді қатысушы. Көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы, редакциялық алқалардың және сарапшылық комиссиялардың мүшесі, сондай-ақ тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық конференциялардың тұрақты қатысушысы.
Лекция ХБК (KazGASA) студенттері, оқытушылары мен зерттеушілері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және заманауи қала құрылысы мен тұрақты даму міндеттерін шешуде жаңа технологияларды қолданудың өзектілігін көрсетті.
ХБК (KazGASA) профессор Ислам Хамди Эльгонаемиге келіп, ғылыми қауымдастықты дамытуға қосқан құнды үлесі үшін алғыс білдіреді.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024