12 желтоқсанда Халықаралық білім беру корпорациясына сейсмотұрақты құрылыс және ғимараттарды сейсмооқшаулау саласында маманданған түрік компаниясы «Teknik Destek Grubu» өкілдері жұмыс сапарымен келді. Делегацияны компанияның өкілдері Tijen Ekinci ханым мен Eren Aydin мырза бастап келді.
Сапар барысында қонақтар корпорацияның заманауи зертханалар мен жаңа оқу ғимаратын қамтитын инфрақұрылымымен танысты. Сонымен қатар, компания өкілдері студенттер мен оқытушыларға арналған қонақ дәрісін өткізіп, сейсмотұрақты құрылыс саласындағы тәжірибелері мен білімдерімен бөлісті.
Кездесудің маңызды сәті — Халықаралық білім беру корпорациясы, «Alumen Systems» ЖШС мен «Teknik Destek Grubu» компаниясы арасындағы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Келісімнің мақсаты — сейсмостойлық құрылыс және ғимараттарды сейсмооқшаулау саласында синергия құру, сондай-ақ білім беру, ғылыми және өндірістік әлеуетті ілгерілету үшін тараптардың өзара қолдауы мен белсенді әрекеттестігін қамтамасыз ету.