ХБК Freedom Holding Corp. және «Freedom Шапагат» ҚҚ-мен бірлесіп маңызды экологиялық бастаманың іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды. Корпорация қабырғасында пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған инновациялық фандомат орнатылды.
Бұл бастама «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясының бір бөлігі болып табылады және қоршаған ортаның ластануын азайту мен қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттауға бағытталған.
Freedom Holding Corp. компаниясының тұрақты даму жөніндегі бас директоры Баглана Мусина атап өткендей, Холдингтің бастамасы арқасында жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын қолдана отырып, жаңа буын фандоматтарын өндіру басталды. Жақын арада бұл фандоматтардың жаппай өндірісі іске қосылады, бұл қалаларды қоқыстан тазарту мәселесін шешуге үлкен үлес қосады.
Мұндай жобалар экологиялық және тұрақты даму саласындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын көрсетеді. ХБК-дағы фандомат экологиялық жағдайды жақсартуға арналған құрал ғана емес, сондай-ақ студенттер мен корпорация қызметкерлері арасында табиғатқа жауапты көзқарас мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болады.