
Халықаралық білім беру корпорациясы енді тек білім шыңдарын ғана емес, әлемнің ең биік нүктелерін де бағындыруда!
5 895 метр биіктікте, Килиманджаро шыңында Халықаралық білім беру корпорациясы туы желбіреді! Бұл іске ХБК Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ильяс Жангаскин және ХБК серіктесі Темиржан Абдрахманов қол жеткізді, олар әйгілі африкалық шыңды бағындырды.
Бұл қадам – биіктерге ұмтылу, шекараларды еңсеру және білім беру қауымдастығының бірлігін білдіреді. Осындай шабыттандыратын әрекеті үшін ХБК серіктестеріне зор алғысымызды білдіреміз!