
2025 жылғы 12 ақпанда Халықаралық білім корпорациясының басшылығы Алматылық желдеткіш зауытына барды. Бұл зауыттың бас директоры – ҚазБСҚА түлегі Марат Баккулов. Ол өзінің кәсіби жолын академияда оқытушы болып бастап, кейін инженерлік салада үлкен жетістіктерге жетті.
Алматылық желдеткіш зауыты – саланың жетекші кәсіпорындарының бірі. Өндірістік процестер толықтай автоматтандырылған және роботтандырылған, қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді. Зауыт өнімдері азаматтық инфрақұрылымда және мұнай-газ саласында кеңінен қолданылып, белсенді түрде экспортталады.
Кездесу барысында ХБК (ҚазБСҚА) мен кәсіпорын арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, өз білімдерін іс жүзінде сәтті қолданып жүрген түлектерді жұмысқа орналастыру, студенттердің заманауи технологияларды меңгеруге бағытталған өндірістік тәжірибеден өтуі, сондай-ақ оқу процесін нақты өндірістік міндеттермен ықпалдастыру мақсатында дуалды білім беруді енгізу сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар, ХБК (ҚазБСҚА) базасында жылу-газ желдету саласы бойынша мамандар даярлайтын зертхана құру бастамасы көтерілді.
ХБК (ҚазБСҚА) өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланысын нығайтып, студенттер мен түлектерге кәсіби даму мен практикалық білім алуға кең мүмкіндіктер ұсынуды жалғастыруда.