2025 жылғы 18 наурызда Халықаралық білім корпорациясы (ҚазБСҚА) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл құжат бірлескен жұмысты дамытуға, ғылыми тәсілдерді енгізуге және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, келісім тәжірибе алмасуды, мамандарды оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды қарастырады, бұл азаматтық қорғау саласындағы ғылыми қауымдастық пен практикалық құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024