ҒТК-ның негізгі мақсаты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іс жүзінде жүзеге асыру механизмдері мен қалыптастырудың негізгі принциптерін жасау болып табылады.
ҒТК негізгі міндеттері барлық деңгейдегі білім беруді ғылыми қамтамасыз ету, ғылыми — зертханалық кешенде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және қорыту, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру, корпорацияда Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың негізгі бағыттарын әзірлеу болып табылады.
ҒТК құрамына төраға, төрағаның орынбасары, ғылыми хатшы және ҒТК мүшелері кіреді. ҒТК мүшелігі жеке болып табылады.
ҒТК құрамына проректорлар, факультет декандары, жетекші ғалымдар, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер және тиісті қоғамдық бірлестіктердің ғылыми-педагогикалық өкілдерін қоса алғанда, саланың жоғары білікті мамандары кіре алады.
ҒТК жеке құрамы, ҒТК төрағасы мен оның орынбасарының кандидатуралары, ғылыми хатшы және ҒТК мүшелері ХБК ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) және оның қызметі
Өзін-өзі басқаратын ғылыми бірлестік Халықаралық білім беру корпорациясының (ХБК) білім алушыларының ғылыми қызметін үйлестіреді.
Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ) студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамытуды және ХБК-да мамандарды даярлау сапасын арттыруға жәрдемдесуді мақсат етеді.
СҒҚ-ның негізгі міндеттері – корпорация студенттерінің ғылыми әлеуетін қалыптастыру және жүзеге асыру.
СҒҚ қызметінің негізгі бағыттары:
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024