2025 жылдың 7 сәуірінде Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) мен Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қоры бірлескен білім беру және мәдени бастамаларды дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Халықаралық білім беру корпорациясына (ҚазБСҚА) жұмыс сапарымен Қордың Президенті Актоты Рахметоллаевна Раимкулова бастаған делегация келді. Делегацияны Халықаралық білім беру корпорациясының Ректоры Маргарита Булатовна Имандосова қарсы алды. Сапар аясында жаңартылған оқу корпусына таныстыру экскурсиясы өткізілді. Қонақтар заманауи аудиториялармен, зертханалармен, көрме кеңістіктерімен танысып, корпорацияның инфрақұрылымын көріп шықты.
Кездесудің басты оқиғасы – ХБК (ҚазБСҚА) Сәулет факультеті базасында Түркі мәдениеті мен мұрасы орталығының салтанатты ашылуы болды. Жаңа орталық түркі халықтарының бай мәдени мұрасын зерделеу, насихаттау және сақтау, сондай-ақ осы бағыттағы білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру алаңы болмақ.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Актоты Рахметоллаевна Раимкулова ХБК-ның (ҚазБСҚА) өңірдегі жетекші сәулет-құрылыс жоғары оқу орны ретінде қала құрылысы, сәулет және дизайн контекстінде түркі мәдени мұрасын ілгерілетуге зор әлеуеті бар екенін атап өтті.
Меморандумға қол қою тараптар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен академиялық және мәдени байланыстарды кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024