KAZGASA SCHOOL оқушылары Америкада жеңіске жетті

KAZGASA SCHOOL командасы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен халықаралық USEF Robo Tourney турнирінде жарқын жеңіске жетті. Оқушылар жоғары дайындық деңгейін, инновациялық тәсілдерін көрсетіп, Soccer Bot санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жарысқа 12 елден келген командалар қатысып, автономды футбол ойнай алатын роботтар әзірледі. Бұл қатысушылардан бағдарламалау мен инженерия саласындағы терең білімді, стратегиялық ойлауды және өзгермелі ойын жағдайларына жылдам бейімделу қабілетін талап етті.

KAZGASA SCHOOL жеңісі оқушылардың робототехника саласындағы жоғары әлеуетін, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін және озық технологияларды дамытуға қосқан үлесін дәлелдейді.

Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Ғылым мен инженерия саласындағы жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!