MOK FUSION 2025 Халықаралық білім корпорациясының студенттерін, оқытушыларын және қызметкерлерін біріктіріп, олардың музыка, би, әдебиет және сахна өнері саласындағы таланттарын көрсетуіне бірегей мүмкіндік берді.
Шараның ашылуы Әлеуметтік даму департаментінің директоры Дусипова Турсынай Сағидоллақызының әсерлі өнерімен басталды. Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, ерекше қойылымдарын және шығармашылық нөмірлерді ашудағы стандарттан тыс тәсілдерін атап өтті. Әсіресе, қазылар қатарында ҚазБСҚА түлектерінің болуы ерекше мәнге ие болды, себебі олар кезінде оқытушыларынан баға алса, енді өздері ұстаздарының өнерін бағалады.
MOK FUSION 2025 жеңімпаздары
Байқау бағдарламасынан бөлек, сахнада GASA Fusion және Life Band Saulet студенттік ұйымдары өнер көрсетті, сондай-ақ UniQueens чирлидерлік командасы өздерінің дебюттік шоуын ұсынып, іс-шараның көркін аша түсті.
MOK FUSION 2025 өнердің шекарасыз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді! ХБК студенттері, оқытушылары және қызметкерлері өз таланттарын көрсетіп, көрермендерге ерекше жарқын әрі әсерлі кеш сыйлады.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050043, Рысқұлбеков көшесі, 28
Copyright © 2024